Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Журналистер қазақ ырымдарына «тиіскен» Маржан Сұлтанбайдың өзін сынап тастады

KAZAKBOL.COM

Танымал тележүргізуші Маржан Сұлтанбайдың ырым-тыйымға қатысты зерттеуі жұртшылық тарапынан сынға ұшырады. 

Көрермендер Маржанның айтқан сөздері еш қисынға сыймайтынын алға тартты.

Журналист Нәзия Жоямерген Маржан Сұлтанбайдың жазбасын көріп, көңілі толмағанын ашық жеткізді.

«Тақырбас келіншек «көсіліпті» біраз. Қазақы ырымдарға қатысты «тың» ойларымен бөлісіпті. «Алдағы уақытта жазып отырамын» деп құлшыныпты. Құдды құнды дүние айтатындай. Ырымдарға (көпшілігіне) мен де сенбеймін. Бірақ, қазаққа, оның ұлттық құндылықтарына қарсы келмеймін. Әркімнің өз еркі. Тек миы «басына сыймай», сыртқа «ақтарылып» жататын «кемеңгерлердің» діни радикалистер қолындағы «қолшоқпарға» айналғаны қауіпті», — деп жазды журналист Facebook парақшасында.

Ал тележүргізуші Асхат Садырбай көпшіліктің сынынан көңілі қалғанын жасырмады.

«Бәрі жаманды көргіш, жаманды тергіш. Жақсы дүниені жұрт оқысы, жақсы талқылау, пікірталас болсын десең, оны да жаман деп шығатын менің қазағым. Жақсы деген сөзді тек өлгеннен кейін қинала айтатын менің қазағым», —  деп кейіді Асхат Садырбай.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бұрын Маржан Сұлтанбайдың ырым-тыйымға сенетін қазақтарды аяусыз сынағанын жазған болатынбыз.

Дереккөз: Nur.kz

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM