Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Журналистерді қорғау комитеті қырғыз билігін Азаттыққа қатысты сот шешімін жоюға шақырды

KAZAKBOL.COM

Штаб пәтері Нью-Йоркте орналасқан Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) «Азаттық Медиа» жұмысын тоқтату жөніндегі сот шешіміне алаңдайды.

«Қырғызстандағы танымал әрі сенімді ақпарат көзі болып саналатын Азаттық радиосын жабу тәуелсіз БАҚ-қа үрей туғызатын белгі беріп жатыр. Бұл әрі биліктің елін қандай бағытпен билегісі келетінін көрсетеді. Билік бұл сот шешімін тез арада жоюға атсалысып, интернет басылымға еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беруі тиіс», — деді ұйымның Еуропа және Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Гүлназа Саид.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джейми Флай сот шешіміне қатысты пікірін білдірді:

«Азат Еуропа/Азаттық радиосы сот шешіміне қарсы шағымданады. Біздегі тарих көрсеткендей, шынайы ақпаратқа қол жеткізгісі келетін адамдар бәрібір жолын табады».

27 сәуірде Бішкек соты ақпарат құралы ретінде Азаттықтың Қырғыз қызметінің (Азаттык Медиа) жұмысын тоқтату туралы өтінішін орындаған. Сотқа өтінішті Қырғызстан министрлігі түсірген.

23 қаңтарда Қырғызстан мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі сотқа шағым түсіріп, Азаттықтың Қырғыз қызметінің (Азаттык Медиа) жұмысын тоқтатуды талап еткен. Мекеме өкілдері шағымда Азаттық сайтын жабуға түрткі болған қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс туралы «Настоящее время. Азия» арнасының бағдарламасы жойылмағанын және әлеуметтік желіде таратылып жатқанын айтқан.

Шағым түсіруші тарап «Азаттык Медианың» заңға қайшы әрекет етіп отырғанын, «БАҚ туралы заңда» соғысты насихаттауға тыйым салынғанын алға тартқан.

Бірқатар халықаралық ұйымдар, саясаткерлер, жүздеген қырғыз тұлғалары «Азаттыққа» еркін ақпарат таратуға мүмкіндік беруді талап еткен.

Азаттық сайты мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің шешімімен Қырғызстан аумағында 2022 жылдың 26 қазанынан бері бұғатталып келеді. Ведомство өкілдері «заңға қайшы» материал өшірілмейінше бұғаттау туралы шешім күшінде болатынын айтқан. «Азаттық Медиа» алғашқы күннен-ақ бұл шешімді мойындамайтынын мәлімдеп, заңсыз екенін дәлелдеуге тырысқан.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті әрі бас директоры Джейми Флай қырғыз Азаттығының жұмысын жалғастыру үшін барлық құқықтық тетікті пайдаланатынын мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM