KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның Шаартуз ауданы прокуратурасы кемінде он шақты ер азаматқа ВИЧ инфекциясын жұқтырған жезөкше әйелдің ісін сотқа жіберген.

Прокуратура мәліметі бойынша, айыпталып отырған 30 жастағы әйелдің екі баласы бар. Күйеуімен ажырасқаннан кейін тәнін сатып, пайда тапқан. 2014 жылдан бері ВИЧ/СПИД-ке қарсы күрес орталығында есепте тұрады екен. Ол ВИЧ инфекциясын жұқтырғанына қарамастан, жыныстық қызмет көрсетуді жалғастыра берген. Тергеушілердің айтуынша, оның клиенттерінің арасында үйленбеген жас жігіттер және бірнеше отбасылы ер азаматтар бар. Олардың бәрі де Шаартуз ауданының тұрғыны.

Әйелмен кемінде 10 ер адам жыныстық байланыста болған. Бірақ олардың қаншасы ВИЧ инфекциясын жұқтырғаны жарты жылдан кейін анықталады екен.

ВИЧ/СПИД-ке қарсы күрес орталығының меңгерушісі ​Акрам Давлатов айыпталып отырған әйелден індетті басқа адамдарға жұқтырмау жөнінде қолхат алынғанын айтады. “Біз есепте тұрған әр адамнан жазбаша түрде қолхат аламыз”, — дейді ол. Қазіргі кезде бір Шаартуз ауданында ВИЧ жұқтырған 90 адам есепте тұрады екен.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя