Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Журналистермен кездесуге кешігіп келген Төреғали ұятқа қалды (фото)

KAZAKBOL.COM

Танымал әнші Төреғали Төреәлі журналистермен кездесуге 40 минутқа кешігіп келіп, ұятқа қалды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бүгін Алматыдағы «Алматы Арена» кешенінде «Жыл таңдауы-2016» үздік әндер байқауы өтпек. Онда еліміздегі ең үздік әндер анықталатын болады. Осы жылдың қорытындысы бойынша хит-парад көшін бастап тұрған 65 әнші қатысатын байқауға түріктің ең көрікті әншісі ретінде танымал Бурай мен қытайда әнші ретінде танылып жүрген Арай Айдархан да қатыспақ.

Үздік әндерді 50 адамнан құралған арнайы комиссия 200-ден астам әншінің ішінен іріктеп алған.

Айта кету керек, «Қазақстан» Ұлттық арнасы ұйымдастырып баспасөз конференциясына шақырылған Төреғали Төреәлі 40 минутқа кешігіп келіп, журналистерді күттіріп қойды. Кешігу қазақ халқына тән екенін айтып ақталған ол:

«Сабаққа кешігіп қалған бала құсап, қуыстанып, ыңғайсызданып отырмын. Жүз пайыз қазақтың бір проценті өстіп кешігіп жүреді», — деп кешірім сұрады.

Сонымен бірге, ұйымдастырушылар аталған концертте көптеген тосынсыйлар болатынын да айтты.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM