Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

«Жусан» операциясы бойынша Сириядан оралған 14 адамның соты басталды

KAZAKBOL.COM

Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты «ДАИШ» халықаралық террорлық ұйымына қатысты» деп айыпталған 14 адамның үстінен ЕЦ 166/10 тергеу изоляторында сот процесін бастады.

Сот залына 13 адам жеткізілді, арнайы емдеу мекемесіндегі тағы бірі сот процесіне емдеу орнынан қосылатыны хабарланды.

Сот залына сыймаған бұқаралық ақпарат құралдары сот процесін басқа бөлмеден монитор арқылы көретін болды.

Сотқа тартылған 14 адам Қазақстанға Сириядан «Жусан» операциясы бойынша оралған. Қазақстан арнайы қызметі биыл, 2019 жылдың басынан бері бірнеше рет «Жусан» операциясын ұйымдастырып, Сириядағы ондаған Қазақстан азаматын алып келген. Олардың көпшілігі әйелдер мен балалар.

17 қазанда Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирияда «Ислам мемлекеті» террористік тобының құрамында болған» 14 адамды тергеу аяқталғанын хабарлаған. Оларға «террористік топ әрекетіне қатысты», «терроризмді насихаттады» және өзге де ауыр қылмыстар бойынша айып тағылған.

«Жусан» операциясы бойынша Сириядан оралған бірнеше адам осыған дейін сотқа тартылып, бірнеше жылға сотталған.

ҰҚК-нің дерегінше, «өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірлесіп», «Жусан» операциясы (Сириядан Қазақстан азаматтарын қайтару) аясында Сириядан 595 Қазақстан азаматы қайтарылған. Олардың 400-ден астамы — балалар.

2018 жылы шілде айында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Азаттыққа Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Қазақстанның 800-ге жуық азаматы Таяу Шығысқа кеткенін хабарлаған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM