Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ЖЫЛУ АҚЫСЫ НЕГЕ ҚЫМБАТ?

KAZAKBOL.COM

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында қолданысқа берілген баспананың жылу ақысы қымбат болып шықты. «Әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар артық ақша төлеуге мәжбүр». Осылай деп біздің арнаға шағымданған бір топ пәтер иесі мәселенің ақ-қарасын айырып беруін сұрайды. Олардың сөзінше, жылу беру компаниясы есептегіш құралдары жоқ тұрғын үйлерге екі еселеп ақша төлетіп жатқан көрінеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Айнұр Сопбекова 4 баланың анасы. Жалғыз басты келіншек былтыр жазда мемлекеттік бағдарлама аясында жалдамалы пәтерге қол жеткізіпті. Бірақ, неге екені белгісіз, баспананың заңды иесі деген ресми құжаты жоқ қолында. Сол үшін бала-шағасымен бірге әлі күнге үйіне тіркеле алмай отыр. Оның үстіне, жылу ақысы да қымбат болып шыққан.

АЙНҰР СОПБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Екі жарым айдың ақшасы бізге 24 мың теңге келіп тұр. Судың ақшасы 12 мың. Барлығы 38 мың теңге. Бір айға жәй. Ақпанның ақшасы келеді жылуға, Наурыз бар. Оның барлығын біз қалай төлейміз, мен білмеймін әлі».

Жылудың проблемасы Айнұр секілді «Шымкент сити» шағын ауданындағы тұрғындардың да бас ауруына айналғалы қашан. Барлығы мемлекеттік бағдарлама аясында пәтерге қол жеткізгендер екен. Арасында мүгедектер мен балалар үйінің тәрбиеленушілер де бар. Олар алғаш рет осы жолы жылу ақысын төлегелі отыр. Алайда, түбіртектегі бағаны көргенде төбе шаштары тік тұрғандарын айтады.

Алматыдан кеше сұрасам, 70 теңгеден төлеп жатырмыз дейді. Алматының өзі. Сол кезде не біз Алматыдан да күшті болып кеттік бе?

НҰРСҰЛТАН ӘМІР, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «3 айға орта есеппен қанша шығып тұр? 3 айға маған 50 мың теңгеге дейін жетіп жатыр».

Дегенмен, жылу тарату компаниясы мамандарының айтар уәжі бар. Олардың сөзінше, бәсекелестікке қарсы және монополияны реттеу басқармасының бекітелген тарифы бар екен. Соған сәйкес, тұтынушылар төлем жүргізілері шарт. Ал, шамасы келмегендер жазға дейін бөліп төлеулеріне болады, дейді.

АСҚАР БӨЛЕШОВ, ЖЫЛУ ТАРАТУ МЕКЕМЕСІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Қараңыз, ол Шымкент қаласы бойынша бір норма. Сол нормаға сай Сіздер төлем жүргізіп жатырсыздар».

Маманның бұл сөзіне, тұрғындар қанағаттанған жоқ. Жылуды жалпы пәтердің шаршы метріне емес, арнайы есептегіш құрал арқылы төлеген тиімді дейді. Сондықтан бұл мәселе әзірге шешілетін түрі жоқ.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM