Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Өзімнен жиіркендім»: Отандық әйгілі актер қалай салмақ тастағанын айтып берді

KAZAKBOL.COM

Елімізге белгілі сатирик Бауыржан Ибрагимов 126 келі салмақтан қалай арылғанын айтты. Сондай-ақ, ол шылымнан қалай бас тартқанымен де бөлісті деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«126 келі салмақтамын. Ол кезде үш қорап шылым шекпесем, өзімді жұмысым бітпей қалғандай сезінетінмін. Оттықтың да керегі болмайтын, бірінен кейін бірі кете беретін. Өкпе деген жоқ, дәрігерге барып көрінуге қорқатынмын. Демалғанда, сөйлегенде бәрі үзіліп кететіндей болған.

Екінші қабатқа жаяу шыға алмайтынмын, ырсылдап қаламын. Оның алдында бір-екі рет шылым қоюға талпынып көрдім, бірақ қолымнан келмеді. Сол күні сырттай маған бір нәрсе күш берген сияқты. Таңертең, темекінің иісі, 126 келі салмағыммен өзімнен-өзім жиіркеніп ояндым. Он күндей қатты қиналдым, темекі түсіме кіретін», — деді ол.

Сатирик жас кезінде барған жерде қошемет көп көргенін, арақ ішудің ол кезде сән болғанын айтады. Сол себепті де спортқа мән бермепті.

Бауыржан Ибрагимов. Скриншот: видеодан

«Сол кездің сәні сондай болды ма, жүз грамм ішпесек, жүре алмайтын едік. Қазір оған уақыт жоқ, жасымыз келгеннен кейін құндылық өзгерді. Үш айдың ішінде 26 келі салмақ тастадым. Аузыма тыйым салмадым, бірақ спортты диетаға көштім. Күнделікті 5 шақырым жер жүгірдім. Осылайша арықтадым. Қазір 56 жастамын, жақында тексерілген едім физиологиялық жасым 46-да»,- деді актер.

Айта кететіні, сатирик сұхбат барысында қонақүйдегі қызметкермен болған дауға қатысты да өз пікірін білдіріп кетті.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM