Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ЗОРЛЫҚ КӨРГЕНІҢДІ ЖАРИЯЛАУ ҰЯТ ЕМЕС!

KAZAKBOL.COM

Анджелина Джоли, Николь Кидман және өзге де голливудтық актрисалары зорлық-зомбылыққа қарсы челлендж бастады. Біріккен ұлттар ұйымының бастамасымен қолға алынған шараға біздің елден де үн қатып жатқандар баршылық. Өйткені, Қазақстан әйелдерге қарсы жасалатын озбырлық әректтер бойынша, өкінішке қарай,  «қара тізімнің» көш басында тұр! Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Сені хақың жоқ! Маған күш көрсетуге… Маған тиісуге!»

«Зорлыққа жол жоқ!». Біріккен ұлттар ұйымының бастамасымен қолға алынған «Зорлыққа қарсы 16 күн» челленджі» іс жүзінде бүкіл әлемді қамтуда. Шара мақсаты — қыз-келіншектерді жыныстық  зорлықтан, тұрмыстық озбырлықтан қорғау. Бұған қазақстандық нәзік жандар да белсене атсалысуда. Кейбірі бастарынна өткен сұмдық оқиғалар жайлы баяндаса, бір топ белсенді блогер әлемжеліде түрлі пост жазып, репост жасап, қоғам арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Ұйымдастырушылардың бірі — Айна Досқызы  жыныстық зорлық-зомбылық тек елімізде ғана емес, бүкіл әлемде өзекті мәселеге айналғанны айтады.

АЙНА ДОСҚЫЗЫ, БЛОГЕР:
«Соншама адамдар қолдайды деп ойламадым, 100 астам пост бар. Отбасылық зорлықтар адамның ішіп кеткенінен болады. Неге ішеді жұмысы жоқ болғанан кейін. Бір-бірімен байланысты нәрселер көп».

Әлемдік деңгейде өтіп жатқан іс-шараға Голливудтың актрисалары да атсалысуда. Мәселен Анджелина Джоли, Николь Кидман, өзге танымал келіншектер ер аадамдардың зорлық-зомбылығына ұшырағандарды ұятты жиып қойып, өз құқығын қорғауға шақыруда.

ЦИТАТА: АНДЖЕЛИНА ДЖОЛИ, АКТРИСА : «Жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғаныңды айту ешқайдай да ұят емес. Мұндай жағдайға тап болғандар өз құқын білуі, қорғауы тиіс! Керісінше, әйел адамға қол көтеріп, озбырлық көрсеткен ер адам сонысы үшін арлануы керек».

Елімізде зорлық-зомбылық мәселесі қашанда өзекті. Ауылдағы әрбір бесінші отбасы үшін ұрып-соғу қалыпты жағдайға айналған. Мұндай статистиканы арнайы зерттеу жүргізген қоғам белсенділері келтіріп отыр.

Кәсіпкер, мотиватор Бауыржан Қасымбергебаевтың сөзінше, мұндайға дер кезінде тосқауыл қою керек. Әйтпесе, қит етсе әйеліне жұдырық жұмсайтын еркектің іс-әрекетін өсіп келе жатқан ұлы да, қызы да қалыпты жағдай деп ұғуы әбден мүмкін.

БАУЫРЖАН ҚАСЫМБЕРГЕБАЕВ, КӘСІПКЕР, МОТИВАТОР:
«Әлбетте, әкесінің анасын ұрып жатқанын балалар көреді. Анасының да оған көндіккенін байқайды. Сондықтан ұрып-соғу оларға қалыпты көрініс болып қалыптасады.  Сол себепті, қыз-келіншектерге айтарым: ер азамат сізді сыйламайды ма, онда онымен бір шаңырақтың астында тұрудың қажеті жоқ! Өйткені, ертең сіздің балаларыңыз әкесінің істеген ісін қайталайды. Ал қызыңыздың тағдыры дәл сіздікіндей болуы мүмкін».

Деректерге сүйенсек, зорлық-зомбылыққа душар болған қыз-келіншектердің көбі Орталық Азия тұрғындары. Сорақысы сол, бұл мемлекеттерде тұратын бұрымдылардың 17 пайызы  физикалық және сексуалдық қысымның құрбаны болған.  Ал қалған 21 пайызы ер азамат тарапынан психологиялық қысымды бастан өткерген.

АЙНА ДОСҚЫЗЫ, БЛОГЕР
«Заңды қатайту керек . Маған келген хаттардың 2/1 полиция арыз жазбай-ақ қой деп айтты. Оны қылмыс деп қарамайды. Меніңше заңды қатайту керек. Жазықсыз қалмау керек».

«Мамандардың дерегінше, елімізде ай сайын 100-ге жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болады. Бұл тек ресми тіркелген статистика ғана. Ал жабулы қазан күйінде қалып жатқан мұндай оқиғалардың қанша екенін ешкім де дөп басып айта алмайды».

«Мені ешкім қорғамайды деп ойлайсың ба? Демек, мен жалғыз емеспін!

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM