Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда он өңірде су тасуы мүмкін (видео)

KAZAKBOL.COM

Биыл Қазақстанның он өңірінде су тасуы мүмкін, деп ескертті метеорология қызметінің мамандары.

Олар спутниктен түсірілген суреттерді зерттеп, Қазақстан аумағының 70 пайыздан астамында қар жатқанын анықтаған. Қар жылдам еритін болса, көптеген өңірді қызыл су басады. Ірі қалалардың тұрғындары су тасқынынан қорықпайды, өйткені мұндағы қар сыртқа тасылады. Ал шағын елді мекендерде, әсіресе тау етегіндегі ауылдарда су тасу қаупі жоғары.

Қазақстанда жылда көктемде су тасиды. Былтыр қызыл судан Батыс Қазақстан облысы қатты зардап шекті: өңірде наурыз айында 185 тұрғын үйді су басып қалды. 2018 жылы Шығыс Қазақстанда су тасқыны болды. 2010 жылғы 12 наурызға қараған түні Алматы облысы Ақсу аудынана қарасты Қызылағаш ауылында тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауыр апаттардың бірі болды. Селден 45 адам қаза болып, 300 адам жараланды. Ауылдағы үйлердің шамамен 80 пайызы жарамсыз болып қалды.

Қазақстан ұлттық гидрометеорологиялық қызметі биыл да ауыр болады деп ескертіп отыр. Көктем жаңбырлы болса, су тасу қаупі одан сайын арта түседі. Мамандар наурыз айында елдің көптеген өңірінде күн жылып, жауын-шашын болады деп болжап отыр.

Биыл ақпанның басында Түркістан облысында 200-ден аса адам эвакуацияланды. Елдің оңтүстік өңірлерінде су тасып жатқаны туралы мәліметтер түсе бастады. Қызылжар ауылында қызыл су үйлердің ауласына кірген. Жетісу облысындағы цемент зауытында 50 метрлік кірпіш қабырғаны су опырып өткен.

Жетісу облысында алдағы бірнеше апта жаңбырлы болады деп ескертті мамандар. Бұның алдында Қазақстан төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі 255 елді мекенді су басу қаупі жоғары екенін ескерткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM