Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкенттен алғашқы шақырылушылар әскерге аттанды

KAZAKBOL.COM

Шымкентте еліміздің барлық аймақтарымен қатарлас көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Үшінші мегаполистің бірінші тобы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарына аттанды. Мерзімді қызмет орындарына медициналық комиссиядан, жеке сұхбаттасудан және психологиялық тұрақтылығын анықтайтын сынақтарынан сәтті өткен 15 адам кетті.

Қалыптасқан дәстүр бойынша шақырылушыларды шығарып салар алдында әскерге шақыру комиссиясының отырысы өтті. Отырыста жастардың қызмет ету себебі мен психологиялық көңіл-күйі тағы да нақтыланып, оларға Отан қорғаушылардың дәстүрлеріне адал болуларын және қызметтерін абыроймен атқаруын тіледі.
Әскерге шақыру комиссиясы, ең алдымен, техникалық мамандығы, жақсы физикалық дайындығы жақсы, денсаулығына байланысты әскери қызметке жарамды және ең бастысы, әскерге баруға ниет білдірген шақырылушыларды бірінші кезекте қарастырады.
Шымкент қаласы қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары, полковник Әжімұхан Шынтаев атап өткендей, шақыру науқаны 30 маусымға дейін жалғасады. Төрт ай ішінде Шымкенттен 18-27 жас аралығындағы 900-ге жуық ер-азамат әскерге шақырылады.
— Шақыру науқанының жоспарына сәйкес бірінші кезекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері, содан кейін – Қарулы Күштердің әскери бөлімдері, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы жасақталады, — деп толықтырды полковник Әжімұхан Шынтаев.
Айта кетсек, еліміздің заманауи армиясында мерзімді әскери қызметті өтеу үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған, бір жылға жалғасатын мерзімді қызметтері аяқталғаннан кейін, барлық сарбаздар жоғарғы оқу орындарына тегін түсуге және кәсіби әскери болуға мүмкіндік алады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM