Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ферғанада жас келін пойыз астына түсіп өлді

KAZAKBOL.COM

16 маусымда Өзбекстанның Ферғана облысы Өзбекстан ауданында 20 жастағы келін пойыз астына түсіп өлді. Марқұмнң көршілерінің айтуынша, отасқанына алты ай болған жас келінді енесі үйден қуып шыққан.

Ферғана облысы Өзбекстан ауданына қарасты Дехканабад ауылында тұратын 20 жастағы Рузихон Эргашева 16 маусымла «Әндіжан — Бұхара» бағытындағы жүрдек пойыздың астына басылып өлді.

Куәгерлердің айтуынша, пойыз әйелді бөлшектеп өткен. Эргашева биыл қаңтар айында сүйгеніне тұрмысқа шыққан. Рузихон айт мерекесінен соң енесімен ұрсып қалған. Оны енесі қуып шыққан болуы керек, дейді марқұмның көршілері.

«Айт мерекесінде Рузихонның анасы қызына қонаққа келген. Ол кеткен соң келіннің енесі шу шығарған. Оған құдағидың әкелген сыйлықтары ұнамай қалған. Қыз өз сүйгеніне қосылған соң, үйіне қайтып баруға ұялған болуы керек», — деді марқұмның көршілерінің бірі.

Дегенмен Рузихон Эргашеваның 25 жастағы күйеуі Икболжон Эргашев бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.

«Қайғылы оқиға болған күні таңертең Рузихон түсік тастады. Одан соң анам екеуміз оны перзентханаға апардық. Әлі балалы болатынын айтып, Рузихонды жұбаттық. Одан соң ол анасының үйіне баратынын айтты. Кешкі қайғылы хабарды естідік. Біздің үйде ешқашан ұрыс болған емес», — деді марқұмның күйеуі.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM