Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын тасымалдағандар ұсталды

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қала аумағындағы көшелердің бірінде аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өзімен бірге сақтап, тасымалдап алып жүрген 25 және 26 жастағы Түркістан облысының екі тұрғынын анықтап, ұстады.
Жеке тінту барысында 25 жастағы ер адамның оң жақ қалтасынан полиэтиленді орама пакетке салынған ақ түсті ұнтақ тәріздес есірткіге ұқсас зат тәркіленіп алынды.
Көлікті тінту барысында алдыңғы орындықтың астынан 2 дана полиэтиленді пакетке оралған есірткі затына ұқсас зат табылды. Әрқайсысының салмағы — 500 грамнан.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «мефедрон» есірткі заты екендігі расталып, жалпы салмағы 1кг.-ды құраған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Қазіргі кезде есірткі заттарының шығу тегіне және оған қатысты басқа да тұлғаларды анықтау бойынша қосымша іс-шаралар атқарылып жатыр.
Полиция қызметкерлері есірткімен байланысты заңсыз әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін ескертеді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM