Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Дефиледе ашық кеуделі көйлегімен шыққан модель соққыға жығылғанын мәлімдеді (видео)

KAZAKBOL.COM

Қазақстандық модель, мәслихат депутаты Динагүл Тасова инстаграм парақшасына ашық кеуделі көйлегімен сән көрсетіліміне шыққаннан кейін, бірге тұрып келген жігітінің ұрғанын жазды.

Қыздың сөзінше, әлеуметтік желі қолданушылары оны ғайбаттайтын түрлі пікір айтқан. Бұл кездесіп жүрген жігітінің қызғанышын туғызған. Ол Динагүлді ұрып, компьютері мен телефонын тартып алып, әлеуметтік желідегі бүкіл аккаунттарын жойып тастаған.

Соққы жығылғаннан кейін модель «үнсіз қалмаймын» деп суретін инстаграмға жариялады. Тасованың айтуынша, қазақстандық дизайнер Дана Дүйсенбаеваның көрсетілімі 30 қарашада Astana Fashion Night апталығында өткен. ВВС тілшісіне сұқбат бергендей, «көрсетілім кезінде жағымсыз әрекеттер болмағанын, бәрі жылы, қошеметпен қабылдаған».

«Кейін суреттер әлеуметтік желіге, ақпарат сайттарына жарияланып кетіп, содан кейін түрлі талқылаулар басталды. Кейбірі әдемі көйлекті көрді, кейбірі жалаңаш тәнді көрді. Мен Қазақстанда фэшнге дәл осылай шу шығады деп ойламадым»,- дейді модель.

Ол әлеуметтік желідегі жағымсыз пікірлер жігітінің ашуын туғызған. Ол «сахнада көйлегіңді емес, ашық кеудеңді көрсеттің» деп айып таққан. Тасованың айтуынша, жігіті оны ұрып, телефоны мен ноутбугын тартып алып, кейін оның әлеуметтік желідегі аккаунттарын өшіріп тастаған.

«Он күн өткеннен кейін, өзімді қолыма алып, көгерген денемді суретке түсіріп жариялап, әйелдерге қол көтеруге болмайтынын көрсеткім келді. Мен шок алдым. Себебі біз бес жыл біргеміз, мен оған сеніп келдім. Мен одан қолдау күттім. Керісінше, ол мені ұрып тастады»,- дейді модель.

Тасова полицияға шағым түсірмегенін, себебі онымен ресми некелеспегенін айтады. Бірақ оның қылығын халық көріп, бағасын берсін деп, әдейі суретімді жарияладым дейді.

Тасова Астанадағы жастар мәслихатының белсендісі ретінде болашақта тұрмыста зорлық-зомбылық көретін әйелдер ісімен айналысатынын жариялады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM