Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ АРТАДЫ

KAZAKBOL.COM

Елімізде Атаулы әлеуметтік көмек алған кейбір отбасылар жауапқа тартылуы мүмкін. Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бердібек Сапарбаев осындай күтпеген мәлімдеме жасады. Бұған себеп, жетпістен аса жанұя мемлекеттік көмекті заңсыз алып, балаға арналған төлемақыға қымбат телефондар сатып алған. Шенеуніктің шамына тиген де осы мәселе. Сонымен, заңсыз жәрдемақы алған расымен сот алдында жауап бере ме? Бұл тізімдегілер нені білуі тиіс? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Төменгі палата депутаттары жақында өңірлердегі халықпен кездесіп қайтты. Онда олар әлеуметтік жағдайды бақылапты. Қойын дәптеріне депутат Ирина Смирнова ең төменгі жалақы көрсеткішін түртіп келіпті. Оның сөзінше, біздегі 42 мың теңгені құрайтын ең төменгі жалақы көрсеткіші посткеңестік елдер арасында тек Қырғызстаннан озып тұр. БІРЖАН НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ: «Бұған біз кезең-кезеңмен кірісеміз. 2023 жылға қарай елдегі орташа есептік жалақы 224 мың теңге болады деп отырмыз. Соның арқасында бүгінде 42 мың теңгені құрайтын ең төменгі жалақы көрсеткіші 72 мыңға жетпек» . Халықтың жағдайы дегенде Атаулы әлеуметтік көмекті айтпасқа болмас. Премьер-министрдің орынбасары Бердікбек Сапарбаев жоғарыда атаған мемлекеттік көмекті 75 мың отбасы заңсыз жолмен алғанын мәлімдеді. Баланың жағдайына арналған төлемақыға ересектер смартфон алып, несиесін төлепті. Енді осы ақшаны өз еркімен қайтармағандар сотқа шақырту алады. БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Барлық қазақстандық заңды сақтауы қажет. Заңды бұзбауы керек. Жұмсалған қаражат бюджетке қайтарылуы керек. Сол отбасылар, яғни АЕК бойынша артық төлемі бар отбасылар өз еркімен ақшаны төлесе, проблема болмайды. Ал төлемейміз десе, сот арқылы төлетеміз.» Депутаттарға үш баласы бар отбасылар да «жәрдемақы алсақ» деген ұсыныс тастапты. Жалпы, елімізде осындай жанұялар саны 2 миллион 900 мыңнан асады. Демек, мемлекет үш миллионға жуық отбасыға ақша бөлсе, бюджеттің шығыны артады. Жауапты министр бұл мәселені қарастырып жатырмыз деп, қысқа қайырды. Тағы бір көтерілген мәселе баспана жайы. Биыл

мемлекетіміз жағдайы төмен отбасыларға 13 мың пәтерді үлестірмек. БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР- МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Баспана мәселесі елімізде өте өзекті. Өткен жылы күнкөрісі төмен отбасыларға 11 мың пәтер берілді. Биыл бұл көрсеткіш 13 мыңға жетпек. 11 мыңы мемлекеттік бюджеттен, 2 мыңы демеушілерк көмегімен». Алдағы ақпан айында Атаулы әлеуметтік көмек аясында 1 жастан 6 жасқа дейін балалар әлеуметтік пакеті арнайы карта арқылы беріле бастамақ. Естеріңізде болса, ол бұрын ақшалай үлестіріліп, бұл қаражатты да ересектер жөнсіз жұмсағаны анықталған еді. Ай сайын 10 мың теңгеден артық салынатын карта пилоттық жоба ретінде бірнеше облыста енгізіліп, жақсы нәтиже көрсетіпті. Айта кетейік, бұл балаларға арналған көмектің ішіне азық-түлік пен гигиеналық заттар кіреді.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM