Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркиядан “Байрактар” соққы беретін ұшқышсыз ұшақтарды сатып алмағанын хабарлады. Арнайы қызмет мәліметіне сәйкес, тәжік тарап “Байрактарды” шығарған түркиялық компаниямен келісім-шартқа отырған емес.
«Сенімді мәліметтерге қарағанда, тәжік тарап «Байрактар» ұшқышсыз ұшақтарды шығарушы «Байкар Макина» компаниясымен, сол секілді басқа да түркиялық өндірушілермен ешқандай келісім шарт түзбеген», — делінген арнайы қызмет таратқан мәлімдемеде.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдемесінде Қырғызстан Орталық Азия елдерінде тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтау үшін барлық күш-әрекетін жұмсап, бейбіт көршілік саясатын жүргізеді делінген.
Қырғызстан Түркиядан сатып алған ұшқышсыз ұшақтарды Ауғанстандағы жағдайға байланысты Орталық Азия елдеріне террористік және діни-экстремистік қауіптің алдын алуына байланысты алғанын жеткізді.
Арнайы қызмет «қырғыз тарап көрші мемлекеттерге қарсы агрессивті саясатты ешқашан қолданған емес және қолданбайды» деп мәлімдеді.
Былтыр желтоқсан айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне «Байрактар»ұшқышсыз ұшақ аппараттары тапсырылған. Жақында Тәжікстан Түркиядан «Байрактарды” сатып алатыны туралы мәлімет тараған. Бірақ ресми Душанбе бұл бойынша ақпарат берген емес.
KAZAKBOL.COM