Қырғызстан биыл қыста 2,7 млрд кВт/сағат электр энергиясын импорттауды жоспарлап отыр. Осылай деп 27 шілдеде энергетика министрі Доскул Бекмурзаев мәлімдеді.
Оның сөзінше, қазір Тоқтағұл су қоймасында 12 млрд 802 текше метр су жиналған.
«Күз-қыс мезгіліне қарсы 13,5 млрд текше метр су жиналады деп болжап отырмыз. Бұл – ең пессимистік болжам. Импортталатын 2,7 млрд кВт/сағат электр энергиясын есептесек, қыстан аман-есен шығамыз. Техникалардың ескіргеніне байланысты апаттық жағдайлар тіркелуі мүмкін, бірақ энергия өшіру деген болмайды»,- деді министр.
Қырғызстан жылына 15 млрд кВт/сағатқа жуық электр энергиясын қажет етеді. Бұл көрсеткіш жыл сайын 4-5% көбейіп отырады. Тоқтағұл су қоймасындағы суды үнемдеу үшін өлке билігі 2021 жылы алмасу жолымен 2 млрд киловатт-сағат электр энергиясын импорттаған.
2021 жылдың наурыз айынан қарашаға дейін Қазақстан Қырғызстанға 900 млн кВт/сағат, Өзбекстан 2021 жылдың наурызынан 2022 жылдың сәуіріне дейін 750 млн кВт/сағат электр энергиясын берді.
Қырғызстан көршілерінен жалпы 1 млрд 650 млн кВт/сағат электр қуатын алған, оны 2023 жылға дейін қайтарып беруі тиіс.
Бұдан бөлек Қырғызстан Өзбекстан арқылы түркімен электр энергиясын да алған.
KAZAKBOL.COM