Өзбекстанда Әндіжан қаласындағы үйлердің бірінен кәмелет жасқа толмаған екі баланың мәйіті табылды. Бұл туралы Әндіжан облысының прокуратурасы хабарлады.
Бұның алдында әлеуметтік желілерде Әндіжанда үш және сегіз жастағы балалардың мәйіті табылғаны жазылған. Облыстық прокуратура мәліметті растады. Әндіжан қаласының прокуратуасы кісі өлтіру қылмысы бойынша іс қозғағаны мәлім болды.
Тергеуді облыс прокуратурасының аса ауыр қылмыстарды тергеу жөніндегі бөлімі жүргізіп жатыр. Облыс прокуратурасы істі бақылауға алды, делінген мекеменің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
KAZAKBOL.COM