Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Қайтарымсыз грант алып беремін» деп, 4 миллион теңгесін алдап алып кеткен

KAZAKBOL.COM

«Мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алып беремін» деп алдын ала ақшасын алып, алдап кеткен. Кезекті оқиға Шымкент қаласында орын алды.

Қаратау ауданы полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, алты айдан бергі танысы «қайтарымсыз грант алып беремін» деп, алдын ала 4 000 000 (төрт миллион) теңгесін алып, алты ай бойы уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай алаяқтық жолмен алдап жүргенін көрсеткен.

Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлерімен күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Азаматшаның жасы-31-де, жоғары білімді. Уақытша жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Қазіргі кезде ұсталған азаматша кінәсін толық мойындап, өз ісіне өкінетінін жеткізді. Алған ақшаны бас пайдасына жаратып жіберген. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM