Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан билігі Ленин шахтасындағы жарылысқа «АрселорМиттал Теміртау» басшылығын кінәлады

KAZAKBOL.COM

Қазақстан үкіметі 3 қарашада болған Ленин шахтасындағы жарылыс себептерін тексерді. Бұл шахта «АрселорМиттал Теміртау» (АМТ) компаниясына тиесілі. Жарылыстан бес адам қайтыс болып, төртеуі жарақат алған.

Елдің төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Юрий Ильин жарылысқа компания басшылығының кінәсі 100% деп мәлімдеді.

Мемлекеттік комиссия газ құрғату ұңғымасын бұрғылау кезінде жарылыс болған деген шешімге келген. Шахтадағы газ мөлшерін анықтайтын қондырғы талапқа сәйкес келмеген. Соның салдарынан метан жиналып, жарылыс болған.

Министр компания қазіргі заманауи техниканы қолданбай, шахтада ұңғыманы іштей бұрғылап келген дейді.

Осы апатқа себепші болған «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының лауазымды 26 адамының аты-жөні анықталған. Олардың бәріне айып тағылған. Бірақ ешқайсысы ұсталмаған. Тергеу амалы аяқталған соң, сот алдында жауап береді деді министр.

«АрселорМитталТеміртау» компаниясының басшылығы ресми сайты арқылы мемлекеттік комиссия шешімімен келіспейтінін мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM