Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан жанармайды Ресейден сатып алады


Қазақстанда жанармайға сұраныс артқандықтан, экспорт тоқтап тұр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауов мәлімдеді.

«Дизель экспорты осы жылдың наурызынан бастап тоқтады. Ал бензинді экспорттау қаңтардан бері тоқтаған. Ішкі сұраныс жоғары болғандықтан, осындай қадамға баруға мәжбүр болдық», — деді вице-министр.

Энергетика министрлігі дерегінше, сұраныстың өсуіне ішкі нарықтағы бағаның төмен болуы әсер еткен.

«Қазір ірі жанармай құю бекеттерінде баға 207-208 теңгенің аралығында. Ал кейбір желілер дизельдің литрін 230-240 теңгемен сатып жатыр. Шынын айту керек, біраз уақыт жанармай құнын 200 теңгеден асырмадық. Сол кезде Ресеймен айырмашылық литріне 100 теңгеге жетті. Өзбекстан 70-80 теңге, ал Қырғызстанда дизель отыны 61 теңгеге қымбат сатылды. Баға арзан болғандықтан, транзиттік көліктер Қазақстанға кірер жолда жанармай құйып алуға тырысатын. Осыдан кейін шекарадағы аймақтарда сұраныс күрт өсіп кетті», — деді Мағауов.

Вице-министр былтырғы жылмен салыстырғанда, биыл дизель отынын тұтыну 480 мың тоннаға өскенін айтады.

«Елімізде тамыз айында 508 мың тонна дизель өндірілді. Ал сол айдағы сұраныс 519 мың тоннаны құраған. Бұл — бұрын-соңды болмаған көрсеткіш».

Министрлік дерегінше, қазір қорда 210 мың тонна жанармай қалған. Бұл кемі 11-12 күнге жетеді. Әсет Мағауов елде дизель тапшылығын болдырмас үшін Ресеймен келіссөздер жүргізілгенін, 100 мың тонна сатып алынатынын мәлімдеді.

Бұған дейін 1 қазаннан Павлодар мұнай өндіру зауыты күрделі жөндеуге тоқтайтыны хабарланған еді.

Қазақстанда кейінгі күндері жүргізушілердің наразылыққа шығып, жанар-жағар май бағасын қымбаттатпауды талап ететіні жайлы ақпарат тараған. Осы аптада Шымкентте жүргізушілер белсендісі ұсталып, оларды қолдағандардан полиция түсініктеме алған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM