Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда ақбөкендерді тірідей көмген (видео)


Қазақстанда Қызыл кітапқа енген тірідей көмген. Ақбөкендерді көму кезінде түсірілген видео интернетте тарады. Қазақстандықтар жануарлар әлемін қорғауға міндетті шенеуніктерді сынады.

Батыс Қазақстанда ескі су арнасының жағалауында қырылып қалған ақбөкендерді шұңқырға көмген. Жерлеу кезінде жануарлардың бірнешеуі әлі тірі болған. Оны видеодан да көруге болады.

Даулы видеоны жариялаған блогер Батыр Сейкенов экология министрінен Қызыл кітапқа енген аңды тірідей көму қаншалықты дұрыс екенін сұраған.

«Табиғатты сақтау жауапты шенеуніктерді неге жауапқа тартпайды? Солардың жұмысы емес пе?» — дейді блогер.

Министрлік жергілікті шенеуніктерді айыптап отыр.

Батыс Қазақстан облысындағы Тау ауылы әкімдігі өлген жануарлармен қатар тірі бөкендерді де көмген. Бұлай жасауға болмайды», — дейді экология министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Экология министрлігінің өзі де әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады. Министрлік бөкеннің жаңа туған баласын ұстап суретке түсуге рұқсат берген.

Қазақстанда 350 мыңға жуық ақбөкен бар. Қызыл кітапқа енген жануарды аулауға тыйым салғанына қарамастан, оның бағалы мүйізіне қызығушылар көп. 2019 жылғы қаңтарда Қарағанды облысында үш браконьер қорықшы Ерлан Нұрғалиевті атып өлтірді. Сот үшеуінде де өмірлік түрме жазасына кесті.


Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM