Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Қорғау»: Бір жыл ішінде 300 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

KAZAKBOL.COM

Елімізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы іске қосылып, өз нәтижесін беріп жатыр. Осы ретте Шымкент қаласының полицейлері жаңа бағдарлама арқылы құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алып келеді.

Мәселен, 2022 жылдың сәуір айынан 2023 жылдың 29-наурыз аралығында «Сергек Қорғау — қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен миллионды қала — Шымкентте 298 922 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде, жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген – 99, автокөлік терезесін күңгірттеп алған – 7 537, тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 2239 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 754, бағдаршамның тыйым салынған түсіне (сигналына) өтіп кеткен – 2060, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 1508, мас халде көлік басқарған – 284, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 1379 жүргізуші белгілі болды. Сондай-ақ, басқару құқығынан айырылған – 77, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 282 995 хаттама толтырылып, 7100 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.

«Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен жыл басынан 9840 жол қозғалысы ережесін бұзған 3052 жүргізуші ұсталды.

Айта кететін жайт, жол қозғалысы кезінде ережені ескермейтін жүргізушілер үлкен қауіп төндіреді.

Ойланбастан жасалған сәтсіз тәуекелдің соңы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Осындай апаттың алдын алу барысында «Қорғау» қосымшасы тәртіп сақшыларының жұмысын жеделдетті. Яғни, автоматтандырылған жүйенің көмегімен қауіпті жүргізушіні тез арада анықтауға мүмкіндік туды.

Десек те, әр азамат жол ережесін мұқият сақтауы қажет. Жол қателіктерді кешірмейді!

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM