Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз үкіметі шекарадағы жанжалда зардап шеккендерді қорғауға кепілдік берді

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі биыл 28-30 сәуірде Баткен облысында шекарада болған жанжалда зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына қосымша әлеуметтік кепілдік беруді ұсынды.

Құжат министрліктің ресми сайтында жарияланды.

Мәліметке қарағанда, жанжалдан зардап шеккендер, қаза тапқандардың кәмелет жасқа толмаған балалары мен ата-аналары 37 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (3700 сом) жәрдемақы алады, мектепке дейін білім беру мекемелеріне тегін қабылданады, жоғары оқу орындарына түсуге жеңілдік алады, оларға медициналық көмек тегін көрсетіледі.

Еске салайық, биыл 28-30 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекарада қарулы жанжал болып, ондаған адам қаза тапты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM