Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Зейнеткер автобуста 2 мың доллары мен банк карточкаларынан айырылып қалды

KAZAKBOL.COM

Ұры әмиянда табылған пин-код арқылы карточкадан 600 мыңнан астам тенгені шешіп алған.

Шымкентте қалта ұрлығын кәсіп еткен әйел зейнеткердің сөмкесінен 2 мың АҚШ доллары мен банк карточкаларын қолды етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, зейнеткердің полицияға жазған арызынан кейін ұрыны іздестіру жұмыстары басталған. Қария қоғамдық көлікте сөмкесіндегі әмиянынан айырылып қалғанын айтқан.

Әмиянда 2 мың АҚШ доллары мен банк карточкалары болған. Әл-Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 1972 жылы туған әйелді ұстады. Тергеу барысында оның ұрлыққа қатысы бары расталды.

Ол әмиянда табылған пин-код арқылы карточкадан 600 мыңнан астам тенгені де шешіп алған.

Ұрланған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда аталған фактіге байланысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктінің өзге қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM