Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей СІМ Иманғали Тасмағамбетовті марапаттады

KAZAKBOL.COM

Елші қос ел арасындағы стратегиялық және одақтық қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін төсбелгі иеленді

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресей сыртқы істер министрлігі тарапынан «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды, — деп хабарлады Sputnik Қазақстан РФ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марапат Тасмағамбетовке 11 желтоқсан күні РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасинмен кездесу барысында ұсынылды.

«Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің шешімімен ынтымақтас Қазақстанның елшісі қос ел арасындағы стратегиялық және одақтық қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі, мәдени диалогты кеңейтуі, сондай-ақ ортақ интеграциялық бірлестіктер аясында өзара ынтымақтастығы үшін осы төсбелгімен марапатталады», — делінген хабарламада.
Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше әрі өкілетті елшісі болып 2017 жылы 3 ақпанда тағайындалған, оған дейін вице-премьер лауазымын иеленген.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM