Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз президенті аппараты басшысының бұрынғы орынбасары Алмамбет Салиев ұсталды


Қырғызстан президенті аппараты басшысының бұрынғы орынбасары Алмамбет Салиев заңсыз жолмен байыды деген айыппен ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлады.

Тергеу нұсқасы бойынша, экс-президенттің (Сооронбай Жээнбеков) қолдауына ие Салиев сот жүйесінің, құық қорғау органдарының және мемлекеттік органдардың жұмысына белсенді түрде араласқан, жекеменшік құрылымдардың мүддесін көздеген.

Арнайы қызмет мәліметіне қарағанда, заңсыз жолмен тапқан қаражатты күдікті құрылыс компанияларының біріне құйған.

16 маусымда Алмамбет Салиев заңсыз байыды деген айыппен ұсталды. Ол ҰҚМК тергеу изоляторында отыр.

Экс-президент Сооронбай Жээнбеков Салиевті өз әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне 2017 жылғы 11 желтоқсанда тағайындаған. Былтыр қазанда президент қызметін атқарушы Садыр Жапаров оны бұл қызметтен алып тастады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM