Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан Тәжікстанға қашқан ауған қырғыздарын көшіріп әкелу мәселесін қарастырып жатыр


Тәжікстанға қашып өткен ауған қырғыздарына медициналық жәрдем көрсету үшін Қырғызстан халықаралық «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымынан көмек сұрамақшы.

Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Жылдыз Бакашова сыртқы істер министрлігіне (СІМ) осындай тапсырма берген.

Оған сәйкес СІМ Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Босқындар комиссариаты және Тәжікстан билігімен этникалық қырғыздарды Қырғызстанға өткізу мәселесін көтеріп жатыр. Жылдыз Бакашова аталған мекемеге ауғанстандық қырғыздарды эвакуациялау үшін қолайлы жағдай жасап, медициналық және құқықтық жәрдем көрсету жағын қарастыруды тапсырған.

«Талибан» қозғалысының шабуылдарынан қауіптенген ондаған ауған қырғыздары 14 шілдеде Тәжікстанға қашқан. Ресми мәлімет бойынша, қазір олардың саны — 347. Жолда екі сәби шетінеп кеткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM