Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда коррупциямен ұсталған мектеп директоры үйқамаққа шығарылды

KAZAKBOL.COM

Бішкектегі №61 мектептің директоры Юрий Низовский үйқамаққа шығарылды. Бұл жөнінде оның адвокаты Икрамидин Айткулов хабарлады.

«Менің оны үйқамаққа босату жөніндегі өтінішімді тергеу ісі қабылдады, сот шешім шығарды. Себебі, қазір ол науқас. Оның диагнозымен ауыратындарды әдетте абақтыда ұстамайды», — деді адвокат.

Қазір Юрий Низовскийдің үстінен «Коррупция» және «Қызметін асыра пайдалану» баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Бішкектің Бірінші май аудандық сотының шешімі бойынша, ол 16 қыркүйекке дейін үйқамақта болады.

Ол Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет тарапынан оқушылардың ата-анасынан ақша алып тұратын схема құрған деген күдікпен ұсталған.

«Тергеу барысында оның және туыстарының меншігінде 35-тен астам жылжитын және жылжымайтын мүлік – жер учаскелері, коттеждер, дүкендер, көліктер, пәтерлер бар екені анықталды. Олардың жалпы сомасы 150 миллион сомға бағаланып жатыр», — делінген арнайы комитет таратқан мәліметте.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM