Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанның қашқындағы экс-президентінің әйелі қайтыс болды

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның қашқындағы бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің әйелі Назгүл Толомушованың қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты Азаттықтың қырғыз қызметінің бірнеше сенімді дереккөзі растады.

47 жастағы Назгүл Толомушова Минскіде ұзаққа созылған сырқатынан қайтыс болған. Оны туған жері Жалалабад облысы Казарман ауылына жерлемек. Құрманбек Бакиев жерлеу рәсіміне келе ме, жоқ па, белгісіз.

Марқұмның туыстарының айтуынша, оның сүйегі туған жеріне жеткізілген. Қазір Толомушованың Тогуз-Тороу ауданындағы әке-шешесінің үйінде киіз үй тігілген екен.

2016 жылы Назгүл Толомушова Беларусь президентінің іс басқармасына тиесілі «Отель Минск» қонақ үйінің директоры болып тағайындалған. Ол Қырғызстаннан шығатын «Айат» газетіне сұқбат беріп, 1995 жылдан бері Құрманбек Бакиевпен бірге тұратынын, отбасында екі баласы бар екенін айтқан.

Құрманбек Бакиев 2005 жылы наурыз революциясынан кейін билікке келген. 2010 жылдың сәуір айында халық көтерілісінен кейін Беларусьқа қашып, сол жақтан босқын мәртебесін алған. Сәуір оқиғасы кезінде кемінде 90 адам қайтыс болды.

Қырғызстанда Құрманбек Бакиев сырттай 30 жылға сотталған. Оның кіші інісі, президент күзетінің басшысы Жаныш Бакиев пен кіші ұлы Максим өмір бойы бас бостандығынан айырылса, үлкен ұлы Марат 30 жылға сырттай сотталған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM