Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ Ресейге қарсы санкцияның жаңа пакетін қарастырады

KAZAKBOL.COM

АҚШ мемлекеттік департаменті «Вашингтон жаңа санкция салмау үшін Мәскеудің қажетті шарттарды орындамағаны» туралы Конгреске хабарлады.

Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Хизер Нойеттің мәлімдеуінше, Ресейге қарсы жаңа санкциялар АҚШ-тың химиялық қаруды бақылау туралы заңына сай келеді.

Ресейге қарсы шектеулердің алғашқы пакеті биыл тамыз айының соңында енген. Бұл — Британияда ГРУ-дің бұрынғы полковнигі Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияның улануына байланысты реакциясы болатын.

Осыған орай АҚШ Конгресі Ресейден түсініктеме сұрап, бұдан әрі қайталанбайтынына кепілдік беруге үш ай уақыт берген.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Дэвид Теслердың Би-би-сиге берген сұқбатында әзірге ешбір қосымша шектеулер енгізілмегенін, бірақ келісі қадамдарға дайындық басталғанын нақтылай түскен. Оның қандай қадамдар екенін Мемлекеттік департамент кейінірек хабарлайтынын айтқан.

Алайда, санкцияның екінші пакетінде шектеулер қатая түсетіні қазірдің өзінде ішінара белгілі болды.Соның бірі — АҚШ банктеріне Ресей үкіметіне азық-түлік сатып алудан басқа жағдайда кредит беруге тыйым салу. Сонымен қатар, АҚШ пен Ресей үкіметі арасында дипломатиялық қатынасты тоқтату, Ресей үкіметінің бақылауындағы «Аэрофлот» секілді компаниялар жүзеге асыратын әуе тасымалына тыйым салу мәселесі де қарастырылған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM