Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

ҰҚК шекара қызметінің экс-төрағасы Ділманов қамауға алынды

KAZAKBOL.COM

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақ-қытай шекарасы бекеттерінде билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіліп жатқан тергеу барысында ҰҚҚ төрағасының экс-орынбасары, шекара қызметінің директоры болған генерал-лейтенант Дархан Ділмановтың ұсталғанын хабарлады.

Бұған қоса, шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Нұрман Арысбаев және тағы бірнеше адам да ұсталған. Күдікке ілінгендердің бәрі уақытша тергеу изоляторына қамалды.

ҰҚК «тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпараттар жарияланбайтынын» айтты.

Ділманов биыл сәуірде ҰҚК төрағасының орынбасары — шекара қызметінің директоры қызметінен босатылған еді. Ол 1998 жылдан бері ҰҚК шекара қызметіне жұмыс істеп, 2015 жылы маусымда шекара қызметіне директор болып тағайындалған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасынан кейін қазақ-қытай шекарасындағы кеден бекеттерінде контрабанда мен жемқорлық мәселесіне назар аударып, оны жоюды тапсырды. Осыдан соң елде Қытаймен шекарадағы кедендерге қатысты тексеріс басталған.

Қазақ-қытай шекарасындағы кеден бекеттерінде жүк көліктері жиі кедергіге тап болып, апталап кезекте тұрып қалады. Саудагерлер де кеденнен өту қиын екенін жиі айтатын.

Нұр-Сұлтан қазақ-қытай шекарасында жемқорлықтың салдарынан кеден алымдарынан ондаған миллиард доллар бюджетке түспей қалған деп күдіктенеді.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM