Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда бюджет қызметкерлерін билік басындағы партияға кіруге мәжбүрлеп жатыр

KAZAKBOL.COM

Азаттық радиосы өзбек қызметінің редакциясына түскен хабарларға қарағанда, Өзбекстанда бюджет қызметкерлерін Өзбекстан либералды-демократиялық партияға кіруге мәжбүрлеп жатыр. Бұл партия 2016 жылы Шавкат Мирзияевті президенттікке ұсынған.

Зауыт жұмысшылары, банк қызметкерлері, сонымен бірге Ферғана, Навои, Бұхара және Самарқанд облысындарында аудандық және қалалық әкімшілік шенеуніктерінің хабарлауынша, оларды Өзбекстан либерал-демократиялық партияға мүше болуға мәжбүрлеген.

Олардан ай сайын төменгі жалақы көрсеткішінің бір пайызын (шамамен 7 мың сум немесе 0,7 доллар) партия мүшесі ретінде төлеп отыруға келісетіні туралы арыз алған.

Бюджет қызметкерлері ай сайынғы төлемге қарсы шығып жатыр.

Партияның Ташкенттегі кеңсесіндегі бір қызметкер аймақтарда азаматтарды партияға қабылдау жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатқанын, партия қатарына өту азаматтың еркі екенін айтқан.

Партияға азаматтар қабылдау науқаны басталғаны саяси ұйымның сайтында жарияланды.

– Президент сайлауы қарсаңында, Ферғана облысында азаматтарды партияға мәжбүрлі түрде кіргізіп жатыр. Облыс әкімдігінің қызметкерлеріне аудандарды бөліп берген. Сол кураторлар енді бізді қыспаққа алып жүр. Біз жалған есеп дайындауға мәжбүрміз. Азаматтарды мәжбүрлеуге бола ма? Мұндай әрекет заңға қайшы, — дейді Ферғанадағы бір шенеунік.

1 наурызда Өзбекстанда президент сайлауы қарсаңындағы науқан басталғаны ресми түрде жарияланды. Сайлау биыл қазанда өтеді. Әзірге ешқандай партия сайлауға түсетін үміткерін ұсынған жоқ.

Өзбекстан парламентіндегі бес саяси партияның барлығы үкімет саясатын қолдайды.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM