Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда екі журналисті 15 тәулікке қамады. Әріптестері «істің қолдан жасалғанын» айтты


1 қазанда Taftish.uz басылымының екі журналисі – Бобур Ғаниев пен Аброр Козубаевты 15 тәулік әкімшілік жазаға тартты.

Сот оларды ішкі істер қызметкерлерін балағаттады, олардың заңды талаптарын орындамады, сонымен бірге оларға қарсылық көрсетті деп таныды.

​Бобур Ғаниевке 5400000 сум ($500), ал Аброр Козубаевқа 270 000 сум ($25) айыппұл салынды.

Екі журналист 30 қыркүйекте ішкі істер органдарының Ташкент қаласының Фарход көшесінде жүргізген арнайы рейдінен соң жауапқа тартылған.

Милиция қызметкерлері 28 жастағы журналист Аброр Козубаевтың автокөлігін тоқтатқан. Көлікте оның әріптесі Бобур Ғаниев пен танысы Обид Салимов болған.

Сот шешімінде Ғаниев пен Салимов милиция қызметкерлерінің әрекетін телефонға түсіре бастағаны, сосын Ғаниев «ішкі істер органдары қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, оларды балағаттағаны» айтылған.

Милиция қызметкерлері үшеуін Үштепе ауданының ішкі істер бөліміне жеткізген.

Жазаға тартылған журналистер милиция қызметкерлерін балағаттады, оларға қарсылық көрсетті дегенді жоққа шығарды. Әріптестері журналистерді сыни мақалалары үшін қолдан жасалған айыптармен қудалады деп есептейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM