Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 1026 құқықбұзушылық анықталды

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласы аумағында жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау мақсатында 2022 жылдың 9-қарашасынан бастап «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның бір күндік нәтижесімен есірткі затты тасымалдау және сақтау бойынша – 3 және атыс қаруын сақтағаны үшін 1 дәйек тіркелді.

Тәртіп сақшылары бір күн ішінде 1026 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған.

Атап айтқанда іс-шара барысында: ұсақ бұзақылық бойынша – 149 (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы), қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішкен – 135 (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы), ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру бойынша – 271 (ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы), шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған – 20 (ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы), шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін – 16 (ҚР ӘҚБтК 518-бабы бойынша), көлік құралын алкогольдік мас күйде басқаруы (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) — 6 тұлғаға хаттама толтырылды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM