Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан Қытай, Үндістан және Иран азаматтарына 14 күндік визасыз режим енгізді

KAZAKBOL.COM

8 шілдеден бастап Қытай, Үндістан және Иран азаматтары Қазақстан аумағында визасыз 14 күн жүре алады. Бұл жөнінде Қазақстан ішкі істер министрлігіне қарасты көші-қон комитеті Facebook парақшасында хабарлады.

«Визасыз режим шартына сәйкес, Үндістан, Иран және Қытай азаматтары Қазақстан аумағында шекараны кесіп өткен мерзімнен бастап 14 күн визасыз жүре алады. Іскерлік, жеке, туристік іссапарларға рұқсат етілген» деп жазылған комитет хабарламасында.

Комитеттің айтуынша, аталған ел азаматтары Қазақстанда алты ай ішінде бәрін қосқанда 42 күннен артық жүре алмайды. Ережені бұзғандарға 25 АЕК айыппұл немесе 15 күнге дейін қамау, Қазақстан аумағынан шығару, бес жылға дейін елге келуіне тыйым салу сияқты шаралар қолданылуы мүмкін.

Көші-қон комитеті шетел азаматтарына визасыз режим кезінде ақысы төленетін жұмыс істеуге тыйым салынғанын ескерткен.

Комитет өкілдерінің хабарлауынша, бұрын енгізілген Қытай мен Үндістан азаматтарына арналған 72 сағаттық визасыз транзит режимі күшін жойған. Мұндай режим 2018 жылдың сәуір айынан астап енгізілген еді. Коронавирус індеті кезінде уақытша тоқтап қалған.

Қазір Қазақстанға 76 ел азаматтары визасыз кіре алады. Постсоветтік елдер мен Бразилия, Аргентина, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сербия, Түркия, Эквадор азаматтары – елде визасыз 90 күнге дейін, Австралия, Канада, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Испания, Чехия, Сингапур, Малайзия, Индонезия және тағы басқа елдер 30 күнге дейін, Қытай, Үндістан, Иран азаматтары 14 күнге дейін визасыз жүре алады.

Маусым айында мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбеков коронавирус індетіне байланысты енгізілген шектеулердің барлығы алынғанын, визасыз режимді қолдана алатын елдер қатарын 100-ге жеткізуді жоспарлап отырғанын айтқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM