Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеудің төрелік соты Азат Еуропа/Азаттық радиосы өкілдігін («РСЕ/РС») банкрот деп таныды

KAZAKBOL.COM

Дүйсенбі, 13 наурызда Мәскеудің төрелік соты «Азат Еуропа/Азаттық радиосы» медиакорпорациясының Ресейдегі мүддесін білдіретін «РСЕ/РС» жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығын банкрот деп таныды.

Сотқа биыл наурызда федерациялық салық қызметі талап арыз түсірген.

«Шетел агенті туралы» заңды орындамағаны үшін медиакорпорацияның орыс тіліндегі тоғыз жобасына, соның ішінде Азаттықтың Орыс қызметіне де салынған миллиондаған рубль айыппұл төленбегені банкрот деп тануға себеп болған.

«РСЕ/РС» бұл заңның ережелері журналистердің кәсіби міндетін орындауға кедергі келтіретін саяси цензураның көрінісі деп есептейді. Медиакорпорация билік органдарының шешіміне байланысты Ресей соттары мен адам құқығы жөніндегі Еуропа соттарына шағым түсіреді.

«РСЕ/РС» жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығына салынған айыппұл көлемі миллиард доллардан асады. Қоғамдастық пен оның бас директорына қарсы 1200-ге жуық іс қозғалған.

«РСЕ/РС» шоты 2021 жылы мамырда бұғатталған. Ресей қазынасына салық аударудың мүмкін еместігі банкроттық туралы процедураның басталуына шартты себеп болған. 2022 жылы наурызда, Ресей Украинаға күшпен басып кіргеннен кейінгі әскери цензурадан соң Роскомнадзор «РСЕ/РС» сайттарына тыйым салған.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы 1991 жылы Ресей президенті Борис Ельциннің шешімімен Мәскеуде ашылған бюросының жұмысы тоқтағанын, Ригада жаңа кеңсесі ашылғанын хабарлаған. «РСЕ/РС» президенті Джейми Флай Ресей билігінің әрекетін Азаттық радиосының Орыс қызметіне жасалған кедергілердің шырқау шегі деп бағалаған.

«РСЕ/РС» қоғамдастығының 30-дан астам қызметкері Ресей әділет министрлігінің «шетел агенті» тізіміне енгізілген. Қандай да бір қысымдарға және сайттың бұғатталуына қарамастан, Азаттық радиосының Орыс қызметі жұмысын толық көлемде жалғастырып келеді.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы – АҚШ-тың жаһандық медиа бойынша агенттігі арқылы конгресс гранты есебінен қаржыландырылатын америкалық медиакорпорация. Медиакорпорация әлемнің баспасөз бостандығы шектеулі 23 елінің аудиториясы үшін 27 тілде жұмыс істейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM