Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан Өзбекстан және Қырғызстанмен су келісімін қайта қарамақ

KAZAKBOL.COM

Қазақстан 2023 жылдың соңына дейін Өзбекстан және Қырғызстанмен Сырдария бассейніндегі су-энергетикалық ресурстарды пайдалану бойынша келісімге өзгерістер енгізбек. Бұл жөнінде Gazeta.uz басылымы жазды.

Бұл Қазақстанның 2023-2029 жылдарға су ресурстарын басқару жүйесін өндіру концепциясында қарастырылған.

1998 жылы наурыз айында Бішкекте қабылданған құжатқа сәйкес, Нарын-Сырдария өзенінен өндірілген электр энергиясының Қырғызстанның қажеттілігінен асқан бөлігі Өзбекстан мен Қазақстанға беріледі. Оның орнына Қырғызстан энергетикалық ресурстарды (көмір, газ, мазут, электр энергиясы), сонымен бірге басқа өнімдерді алады.

Су қойманың жұмыс режимі, электр энергиясының ағымының көлемі және оны жеткізу жыл сайын үкіметаралық келісіммен бекітіледі.

Бұл арада желтоқсан айына дейін Қазақстан Өзбекстанның үкіметімен трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және пайдалану бойынша келісімге қол қою жоспарланып жатыр.

Концепцияда судың тиімсіз пайдаланудан бөлек Сырдарияның экологиялық жағдайы бұзылып жатқаны айтылған. Құжатта Сырдарияның транзиттік ағымымен Өзбекстанның аймағынан мұнай өнімдері, фенолдар және азот қоспалары секілді былғаушы заттар көп көлемде келіп жатқаны айтылған.

Осыған байланысты Қазақстан Сырдарияның түбін тазалап, өзенді қалпына келтіруді көздейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM