Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан автокөліктері мұнан былай «Еуро-0» экостандартымен шыға береді

KAZAKBOL.COM

Қазақстан автокөліктерге қойылатын экология талаптарын 1990 жылдардың деңгейіне түсірді.

«Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 22 қазанда жарияланған үкімет қаулысы бойынша, Қазақстанда автокөлікті ең төменгі»Еуро — 0-ге» дейінгі экологиялық талаппен шығаруға болады.

Бұл өзгеріс бойынша, қауіпсіздік жастығы, антиблок жүйесі, тежегіш кезінде доңғалақты блоктамау тетігі, жедел қызмет шақырғыш құрылғысы болмаса да автокөлік шығаруға рұқсат етіледі.

Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойған жаңа ереже 15 қарашадан бастап күшіне енеді. Батыс санкциясы қатайған шақта биыл мамыр айында Ресей де осыған ұқсас шешім шығарған.

Еуразия экономика кеңесі биыл сәуір айынан бастап 2023 жылдың 1 ақпанына дейін автокөлікті Еуразия экономика кеңесі техникалық регламентінің бірыңғай талаптарынан өзге ұлттық заңнама талаптары бойынша автокөлік шығара беруге рұқсат берген.

2021 жылы Қазақстан билігі Қостанай қаласында «Лада» көлігін шығаратын бірлескен зауыт салатынын хабарлаған. Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарына қарағанда, «жеңілдетілген комплектация талаптарының Hyundai сияқты шетелдік маркаларға қатысы болмайды.

Батыс елдерінде «Еуро-0» 1992 жылға дейін, «Евро-1» 1995 жылға дейін қолданыста болған. Қазақстан «Еуро-2» стандартынан төмен көлікті елге әкелуге 2009 жылы тыйым салған. Одан бері жоғары халықаралық экологиялық талаптар қоя бастаған еді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM