Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан мен Өзбекстан ортақ шекараны демаркациялау жобасын мақұлдады

KAZAKBOL.COM

Қазақстан мен Өзбекстан ортақ шекараны демаркациялау жобасын мақұлдады, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі. Ведомствоның 6 тамыз күнгі хабарламасында 25 шілде мен 5 тамыз аралығында Алматыда қазақ-өзбек үкіметтері делегациясының кезекті отырысы өткені айтылған. Онда екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау жобасы бекітілген.

«Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт жобасының мәтінін келісуді және шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттары жобаларының пакетін қалыптастыруды аяқтады» деп жазылған хабарламада.

Келесі кездесу Өзбекстанда өтеді.

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасының ұзындығы 2300 шақырымнан асады. Қазақ-өзбек шекарасын демаркациялау процесі – 2003 жылы, ал дала жұмыстары 2004 жылы басталған.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны айқындауға даулы мәселе көп туған. Негізгі себеп – Совет өкіметінің «экономикалық мүдде үшін» деп бір республика жерін екіншісіне оңды-солды табыстай бергені.

2002 жылы Астана мен Ташкент арасында жасалған «Қазақстан-Өзбекстан шекарасының жекелеген учаскелері туралы» дейтін шартқа сәйкес, шекарадағы Бағыс ауылы мен Арнасай су бөгеті Қазақстанға, қазақтар тұратын Түркістан ауылы, Қызылорда облысынан тағы үш елдімекен Өзбекстанға өткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM