Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстандықтарды бойжеткеннің жан түршігерлік өлімі шошытты (видео)

KAZAKBOL.COM

Алматыда жас бойжеткеннің бөлшектенген сүйегі табылды. 19 жастағы Аяжан Еділова Алматыда тұрған. Жоғары оқу орнында оқып, сұлулық салонында жұмыс істеген. Киім дизайнері болуды армандаған.

19 наурызда жұмысқа кеткен бойжеткен сол күйі тұратын жатақханасына оралмаған. Жүріп жүрген жігіті туыстарына хабарласып, полицияға қоңырау шалған. Бірақ полиция Аяжанды іздеуге асықпады дейді.

«Қарындасым Медеу ішкі істер басқармасына барды. Сағат 12.00-де арыз жазғысы келді. Бірақ оған қазір қызметкерлердің бәрі митинг алдында күшейтілген шараға кетті деді. Олар күліп, мүмкін жігітімен ұйықтап жатқан шығар, құрбыларымен қыдырып жүрген шығар, үйге оралып қалар деді», – дейді марқұмның ағасы Алмат Муликов.

Мұндай жауаптан кейін туыстары еріктілерді іске қосып, өздері іздеуге кіріскен. Бойжеткенді жеткізіп салған такси жүргізушісін тапқан, видеокамераларды тексерген.

Аяжан Еділованың қайда барғанын білген туыстары полицияға хабар беріп, өздері де сол пәтерге барған. Онда үйді қоршаған полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігін көрген. Бірнеше минөт өткеннен кейін туыстары үсті-басы қанға боялған ер адамды алып шығып бара жатқанның куәсі болады. Полиция пәтерден Аяжанның бөлшектенген денесін тапқан екен.

«Күдікті қылмыстың ізін жасыру үшін денені бөлшектеп Алатау ауданындағы қоқыс жәшігіне тастаған. Қалдықтары табылды, сот медициналық сараптамаға жібердік», — дейді Алматы полиция департаментінің басшысы Рустам Абдрахманов.

Бірақ сол күні туыстарына Аяжан Еділованың өлімін айтпаған. Тек келесі күні полиция бөлімінде жеткізген.

Полиция мәліметінше, пәтерді күшпен ашқан. Күдікті есікті ашпай, өзіне қол жұмсамақ болып, тамағын кескен. Жасы 28-де. Түркістан облысының тумасы, жоғары медициналық білімі бар. Алматыда пәтер жалдап тұрған. Қазір күзетпен ауруханада жатыр.

Марқұмның туыстары Аяжан бірінші құрбан болмауы мүмкін деп қауіптенеді. Оны алдап пәтерге шақырған дейді. Олар күдіктінің ақыл-есі дұрыс емес деп, қылмыстық жауапкершіліктен босатуы мүмкін деп қорқады. Аяжанның туыстары Қазақстан президентіне хат жазып, бұл оқиғаны қадағалауды сұрады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM