Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери үшсайыстың чемпиондары анықталды

KAZAKBOL.COM

Алматы қаласындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында әскери үшсайыстан Қарулы Күштердің чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға Қазақстанның барлық аймағынан 17 әскери қызметші құрамасы қатысты.

Жарыстың бірінші күнінде жекелеген және командалық есептің біріншілігінде қызу тартыс басталды. Әскери спортшылар гранатаны қашықтыққа лақтырудан сайысқа түсіп, ату жаттығуларын орындады. Жалпыәскери жаттығулар кешенінде 400 метр қашықтыққа жүгіруден кедергілер жолағын өткерді.

Сайыстың қорытындысы бойынша алтын медаль – «Батыс» Өңірлік қолбасшылығына, күміс жүлде – «Шығыс» Өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілеріне табыс етілсе, ал Құрлық Әскерлері Әскери институты үштіктің қатарынан көрінді.

Жекелеген есепте Қарулы Күштер чемпионы атағы 3662 ұпай көрсеткішпен ефрейтор Нұржан Скендірге берілді. Ол сайыста 600 грамм салмақты гранатаны 74 метр қашықтыққа лақтырды. Бұл чемпионаттың барысындағы рекордтық көрсеткіш болып табылады. Сондай-ақ жарысқа қатысушы басқа тоғыз әскери қызметшімен бірге «әскери спорттық үшсайыстың шебері» бойынша норматив орындады.

Аталмыш жарыстарды өткізудің негізгі мақсаты әскери қызметтің ерекшелігін ескере отырып, жеңіске деген ұмтылыс пен жоғарғы нәтижеге қол жеткізу сынды маңызды қасиеттерді дамыту, әскери қызметшілердің дене даярлығын жетілдіру болып табылады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының

баспасөз қызметі

капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM