Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қорықшы Нұрғалиев өліміне қатысты іс бойынша сот қайта жалғасты

KAZAKBOL.COM

Қарағандыда «»Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өлімі мен оның әріптесі Петр Ницыкке жасалған қастандыққа қатысты іс бойынша сот қайта жалғасты.

Прокуратураға қайтарылған іс сотқа қайта түскен. Істі судья Қайрат Қасымов қарап жатыр. 31 қазанда соттың алдын ала тыңдауы өтті.

Жәбірленушілер және мемлекеттік айыптаушы Қуаныш Жексенбаев сотты тезірек бастауын өтінді, өйткені қылмыс жасалған уақыттан бері он ай өткен. Ал сотталушылардың адвокаттары болса істі прокуратураға қайтаруды сұрап отыр. Бұл істе жеті сотталушы бар.

Адвокаттар «кісі өлтіру» бабын басқа бапқа өзгертуін сұрады. Қорғаушылардың пікірінше, күдіктілер қорықшыны өлтіргісі келмеген. Бұған қоса адвокаттар заңсыз аңшылықтан келген шығын көлемі тым көп деп есептейді. Сотталушылардың бірі бөкен аулауға шықтық десе, қалғандары қасқыр аулағанын айтқан.

Судья Қайрат Қасымов соттың 15 қарашада басталатынын жариялады.

Сотта белгілі болғандай, айыпталушылардың бірі бұрын бірнеше жыл бойы полицияда жұмыс істеген. Сотталушылардың барлығы — Қызылорда облысының тұрғындары. Олардың барлығына заңсыз аңшылықпен айналысты деген айып тағылған. 21 қаңтардан бері қамауда отырған үш сотталушыға инспектор Ерлан Нұрғалиевті өлтірді, оның әріптесі Петр Ницыкті өлтіруге талпынды деген айып тағылған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM