Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалда мерт болған тәжікстандықтар саны 20-ға жетті (видео)

KAZAKBOL.COM

Озоди радиосы шекарадағы жанжалда тәжік жағында зардап шеккен тағы екі азаматтың кім екенін анықтады.

Чоркух жамоатының басшысы Шукурхон Насриев қышлақтың екі тұрғыны қаза тапқанын растады. Тәжік үкіметі Қырғызстанмен шекарадағы жанжалда нақты кімдер зардап шеккені туралы ресми тізімді әлі жарияламады.

Сейсенбі, 4 мамырда Озоди радиосы шекарадағы қақтығыста опат болған тағы екі адамның есімін атады – 20 жастағы Аслиддин Абдузамонов пен 26 жастағы Абдуллох Саидов. Нурабад ауданының әкімшілігі офицер мен сарбаз 29 сәуірде шекарадағы жанжал кезінде оққа ұшқанын, оларды 1 мамырда жерлегенін растады.

Хумдон жамоатының басшысы Махмадаюб Кароматовтың айтуынша, Аслиддин Абдузамонов бір жарым жыл бұрын әскерге қабылданған. Ол Ходжаи Аъло шекара бекінісінде қызмет атқарған.

«Снайпер оның көзіне тиген. Азалы жиынға қатысқан қорғаныс министрінің орынбасары бұл екеуінің елге жасалған шабуылға тойтарыс беру кезінде мерт болғанын айтты», — деді Кароматов.

26 жастағы Абдуллох Саидов та Ходжаи Аъло бекінісінде қызмет атқарған. Оның да басына оқ тиген.

Осылайша, Қырғызстанмен шекарадағы жанжалда опат болғандан тәжікстандықтар саны 20-ға жетті. Бұл тізімді Озоди радиосы дайындады. Хабарларға қарағанда, шекарадағы жанжалдан 88 адам жараланған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM