Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыздың 100 паспортын Түркияға әкетпек болған азамат ұсталды

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның жүзден астам паспортын Түркияға алып шықпақ болған азамат ұсталды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне цифрлы даму министрі Талант Иманов хабарлады.

Министрдің айтуынша, Халық тіркеуі департаментінің бөлімдерін тексеру кезінде Үзген ауданында 1200 паспорт жетіспейтіні анықталған. Құжаттар жойылуы тиіс болған.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті осы іс бойынша жеті адамды ұстады, олардың арасында паспорт беру жүйесінің бұрынғы қызметкерлері де бар. «Біз ай сайын азаматтарға 50-60 мың паспорт береміз. Жылына – 500-600 мың. Ескі жүйеде жоғалған паспорттардың сатылғаны анықталды. Тергеу жүріп жатыр. Көп мәлімет бере алмаймын. Мұндай қылмыстың артында көп адам тұруы мүмкін», — дейді министр.

ҰҚМК әзірге Талант Иманов айтқан жайттар туралы мәлімет таратпады.

Бұның алдында министр Иманов паспорт беру жүйесінде мафия бар деп мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM