Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыздың Кара-Кече көмір кенінде оқ атылғаны туралы мәлімет тарады

KAZAKBOL.COM

Қырғызстандағы Кара-Кече көмір кенінде жанармай таситын жүргізушілер мен «Альфа» арнайы жасағы жанжалдасып қалды.

Әлеуметтік желілерде жанжал барысында түсірілген видео тарады. Ондай айтылған мәліметтерге қарағанда, жүргізушілердің бірнешеуі жараланған.

«Қырғыз көмір» мемлекеттік кәсіпорыны Азаттық радиосының қырғыз қызметіне кенде жанжал болғанын растады, бірақ оның себептері мен жараланғандар туралы мәлімет бермеді. Мекеменің баспасөз хатшысы Жийде Зоотбекованың айтуынша, өндірістегі жағдай реттелген, кенде жұмыс жүріп жатыр.

«Кезек күтіп тұрған уақытта жүргізушілер мен «Альфа» арнайы жасағының сарбаздары арасында түсінбеушілік болған, бірақ жанжал реттелді, қазір жұмыс өз тәртібімен жүріп жатыр», — дейді мекеменің баспасөз хатшысы.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мен жергілікті милициядан осы оқиғаға қатысты әзірге мәлімет алу мүмкін болмады.

Кара-Кече көмір кеніндегі жұмыс 20 желтоқсанда қайта жалғасқан. «Қырғыз көмірдің» хабарлауынша, 15 желтоқсаннан бастап мұнда тазалық жұмыстары жүргізілген.

Қырғызстанда күн суытқалы бері көмір нарығы тыныш емес. Ұлттық статистика комитетінің хабарлауынша, көмір биыл шамамен 20 пайызға қымбаттаған.

Қараша айында көмір кенін «Альфаның» 12 сарбазы күзететіні мәлім болды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM