Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан дәрі-дәрмектің 60 пайызын Ресей мен Украинадан алады

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшенәлиев 2 наурызда елдің фармацевтика одағымен бірге халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін талқылады.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында фармацевтика фирмаларының өкілдері әлемдегі күрделі жағдайға алаңдайтынын айтты.

Фармацевтика одағының басшысы Эрнис Асановтың дерегінше, Қырғызстан дәрі-дәрмек пен медицина заттарының 60 пайызын Ресей мен Украинадан алып отыр. Оның айтуынша, екі ел арасындағы күрделі жағдайға байланысты Украина тапсырыстардың барлығын орындаудан бас тартқан.

Ресейдегі өндірушілер болса рубль бағамының тұрақсыздығына байланысты тауар жолдауды уақытша тоқтатып қойды. Асановтың пікірінше, Еуропадағы өндірушілер Ресейге дәрі-дәрмек жеткізуден бас тартса, Ресей дәрі экспорттауды азайтуы мүмкін.

Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшенәлиев осы мәселелерді шешумен айналысатын арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды.

24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Украинада «арнайы әскери операция» бастағанын жариялады. Ресей әскері Украинаның бес облысына кірді. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде ұрыс жүріп жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM