Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан Еуропарламент қабылдаған резолюция бойынша өкінішін білдірді

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) Еуропарламент 13 шілдеде қабылдаған резолюцияға өкінішін білдірді. Бұл туралы СІМ таратқан мәліметте айтылады.

Еуропарламент депутаттары көпшілік дауыспен Қырғызстандағы адам құқықтарының ахуалына, сөз еркіндігіне және ақпарат құралдарына қатысты қысымды айыптаған резолюцияны қабылдады.

Онда «Қырғызстанда 2022 жылдың қаңтарынан бастап адам құқықтары және сөз еркіндігі ахуалы нашарлап кеткені» айтылған.

СІМ таратқан мәлімдемеде «Еуропа парламентінің аяқ астынан және асығыс түрде қабылдаған, шындыққа жанаспайтын резолюциясына қатысты өкінішін білдіреді», — деп жазылған.

Сонымен бірге резолюцияны дайындауда қырғыз тараптан қосымша мәлімет сұрамағаны да айтылған.

Европарламент резолюцияда Қырғызстанда талқыланып жатқан төрт заң жобасы — «Бұқаралық ақпарат құралдары», «Үкіметтік емес ұйымдар», «Шетелдік өкіл» және «Балаларды зиянды мәліметтен қорғау жөніндегі» заң жобаларын кері қайтаруды үндеп, егер бұл заң жобалары қабылданса, адам құқықтары ахуалы күрт нашарлайды деп ескерткен.

Бұдан бөлек Азаттық радиосының қызметін тоқтату әрекеті де пікір білдіру еркіндігінің бұзылуы ретінде айыптаған.

Халықаралық Freedom House ұйымы «Дүниежүзіндегі еркіндік — 2023» атты жаңа баяндамасында Қырғызстанда үшінші жыл қатарынан «еркін емес» елдер қатарына қосқан.

«Шекарасыз тілшілер» ұйымының баспасөз еркіндігі индексінде Қырғызстан 180 мемлекет арасынан 122-орынға түскен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM