Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан күн көрісі төмен отбасыларға электр энергиясы үшін төлемді төмендетті

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанда жағдайы төмен отбасылар 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясына 50 тиын төлейді. Президент Садыр Жапаровтың тиісті жарлыққа 6 желтоқсанда қол қойғаны ресми хабарланды.

Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, электр энергияны қолдану 700 кВт/сағаттан асатын болса, 2,16 сомнан төлене бастайды.

Садыр Жапаров 26 қарашада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында аз қамтылған 110 518 отбасына электр энергияның бағасын 50 тиынға түсіруге тапсырма берген. Қалған 27 тиын бюджеттен төленеді. Бұл тариф қашанға дейін созылатыны белгісіз.

Ұлттық статистика комитетінің және БҰҰ-ның Азық-түлік бағдарламасының зерттеуінде, Қырғызстанда кедейшілік шегінде өмір сүретін халық саны 2,2 млн екені айтылған.

15 қазаннан бастап электр энергиясы және жылу үшін жаңа тарифтер күшіне еніп, өнеркәсіптер үшін баға қымбаттаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM