Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қытай Иран арқылы Өзбекстанға тауар жеткізе бастады

KAZAKBOL.COM

Қытайдың Сямынь портынан шыққан алғашқы контейнер пойыз Өзбекстанға жетті. Бұл туралы «Өзтемиржолконтейнер» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Мәлімдемеде тұрмыстық техникалар жүктелген 40 футтық 39 контейнер 14 күннен кейін, 25 маусымда Ташкенттегі Сергели станциясына жеткені айтылған.

Ақпаратқа қарағанда, контейнерлер Қытайдан теңіз арқылы Иранның Бандар-Аббас портына жеткізіліп, ондағы темір жол платформаларына жүктеліп, Түркіменстан арқылы Өзбекстан аймағына кірген.

Осыған дейін Өзбекстанның көлік министрлігі Қытайдың Ланжоу станциясынан Ташкентке блок пойызы жөнелтілгенін, бұл рейс «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» көлік дәлізі арқылы жүк тасу мақсатында басталғанын айтқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM