Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қызылорда түрмесінде бес тұтқын өзіне қол салды, туыстары «қысымға шыдамағанын» айтады

KAZAKBOL.COM

Қызылорда қаласындағы түрмелердің бірінде бес тұтқын өзіне қол жұмсады. Туыстары «тұтқындар түрме әкімшілігінің қысым мен қорлауына төзе алмай, өздерін жарақаттады» дейді. Ал қылмыстық атқару жүйесі комитеті мұны «тыйым салынған заттарға жүргізілген тексеріске наразылық» деп түсіндіреді.

Ақпаратқа қарағанда, Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан бес тұтқын: Абай Ұзынжасов, Берік Бердешов, Меңілік Бейбітов, Мұрат Үсенов және Бақытжан Есенбаев 10 тамызда наразылық ретінде өздеріне қол жұмсаған. Туыстарының айтуынша, олар түрме қызметкерлері тарапынан өздеріне қысым жасалатынын, ар-намыстарына тиетін сөздері естуден жалыққандарын айтып, сондай әрекетке амалсыз барған.

Әлеуметтік желіде денесін жарақаттаған кейбір сотталушының суреті де тарады. Солардың бірінде Абай Ұзынжасов делінген тұтқынның ішіне ұзын шеге сұғылғаны айқын көрінеді.

Оның жұбайы Аягөз Науашеваның Азаттық мәлімдеуінше, оқиға 10 тамызда таңертеңгі сағат 10-11-лерде болған. Ол соңғы бір аптаның ішінде Абай Ұзынжасов осымен екінші рет өзіне қол жұмсағанын айтады.

– Күйеуім маған хабарласып, «өзіме қол жұмсап өлмесем, мына жерде тыныштық жоқ, не басқа жаққа ауыстырып алып кетші» деген. Бұған дейін 31 шілде күні қарнына шеге тыққан күйеуімді ауруханаға апармай, ауырсынуды қойдыратын дәрі беріп, өздері шегені суырып алған. Ал кеше жағдайы ауыр болған соң операцияға ауруханаға алып кеткен. Мекемеде қысым бар. «Әкімшілік мені баласынып сөйлеспейді, кінәні күйеуіме арта береді. Не себепті, не үшін» деген сұраққа жауап іздейтін адам жоқ бұл жерде, — дейді Аягөз Наушаева.

Оның сөзіне қарағанда, түрме қызметкерлері нард ойынын өздері пайдалануға беріп, кейін оны арнайы видеоға түсіріп, «рұқсат етілмеген зат» ретінде арнайы видеоға түсірген. Ол бұл туралы Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне де, прокуратураға да шағымданған. Бірақ нәтиже болмаған.

ЗК 169\5 мекемесіндегі жағдай туралы ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитеті Polisia.kz сайтында ақпарат жариялап, «аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған үш тұтқын мекемедегі тексеріске наразылық ретінде өздерін жарақаттады» деп жазды. Ресми ақпаратқа қарағанда, мекемеге жедел тергеу тобы, қоғамдық бақылау комиссиясы келіп, зерттеу жұмыстары жасалып жатыр. Денесін жарақаттаған сотталушылар Қызылорда облысының медицина орталығына жеткізілген. Хабарламада оларды ауруханада жатқызуға қажеттілік жоқ деп көрсетілген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM